Норвег тілі (norsk [nɔʂːk]) — солтүстік герман тілдерінің батыс-скандинавия тобы, Норвегияның ресми тілі. Бұл тілде шамамен 5 млн адам сөйлейді.
Тарихы 12 ғасырдың аяғында көне норвег тілі өз бетінше тіл болып қалыптасты. 15 ғасырдың ортасында норвег тілі көптеген норвегтердің тіліне айналған болатын.
Қазіргі норвег тілінің 2 бәсекелес және «ресми» түрі бар — букмол (норв. bokmål — кітаби тіл) және нюнорск (норв. nynorsk — жаңа норвегиялық).
Букмол (риксмол) кең таралған, жазба дат тілінен шыққан, Норвегия территориясында Дания–Норвегия () мемлекеті тұсынан бастап қолданылады. Букмол тілінде үнжария және журналдар жарияланады; ол жазба тіл сапасында пайдаланылады.
Жаңа норвег формасы — нюнорск — батыс ауыл диалектілеріне негізделген, 19 ғасыр ортасында көне скандинавия тілдік дәстүрін сақтау үшін Ивар Осен (1813—96) ойлап тапқан. Екі тіл де ресми дәрежеде және білім жүйесінде.
Екеуін жалпы бірте-бірте бір тіл — самнорск () ету саясаты жоспарда болған, бірақ 2002 жылы ресми тоқтатылған болатын.
Норвег әліпбиі Норвег әліпбиі 29 әріптен құралады: A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z Æ Ø Å a b c d e f g h i j k l m n o p q r s t u v w x y z æ ø å
Сыртқы сілтемелер Норвег тілі жайлы Норвег-ағылшын сөздігі Норвегше Уикипедия (букмол) Норвегше Уикипедия (нюнорск)
Санат:Скандинав тілдері Санат:Норвег тілі