thumb|Ядролық қаруды пайдаланатын елдер картасы Невада-Семей қозғалысы — ядролық жарылысқа қарсы халықаралық қозғалыс; қоғамдық-саяси ұйым. 1989 жылы 26 ақпанда құрылып, қазан айында ресми тіркелді. Қозғалыс туралы О.Сүлейменов қазақ теледидар арқылы мәлімдеме жасаған еді. Осы күні Алматыда өткен митингке көп адам жиналды. Митингіде О.Сүлейменов еліміздегі қоғамдық, шығармашылық, діни ұйымдар, кеңестік Бейбітшілік қорғау комитетін, халықаралық қорының комитетін және Невада штатында (АҚШ) сынақтарға тыйым салу қозғалысын жақтаушыларды әлемдегі ядролық жарылыстарға қарсылық білдіруге шақырып, Қазақстан басшылығынан Семей сынақ алаңындағы ядролық сынақтарды тоқтатуды талап етті.Қазақстан тарихы, 9-сынып, 2024. Мектеп баспасы Республика халқынан кеңінен қолдау тапқан қозғалыс ядролық жарылыстарға қарсылық білдіріп, әлемдегі ядролық қауіпті жоюды мақсат етті, Семей ядролық полигонында ядролық сынақтарды тоқтатуға қол жеткізді. Олар әскери мекемелерден ядролық сынақтар жөніндегі құпияларды жариялауды, халықтың денсаулығына келтірген зияны үшін материалдық шығын өтеуді талап етті. Қазақстанның көптеген қалалары мен аймақтарында, сондай-ақ Ресей, АҚШ, Италия, Жапония, Түркия, т.б. елдерде ұйымның бөлімшелері құрылған. Қозғалыстың белсенді қызметінің арқасында БҰҰ БА-ның 53-сессиясы “Қазақстандағы Семей өңірі адамдары денсаулығы мен экологиясын сауықтыру және экономикасын дамыту мақсатындағы халықаралық ынтымақтастық пен іс-қимылды үйлестіру” қарарын қабылдадыҚазақ энциклопедиясы, 7 томСаяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3. 1991 жылы 29 тамызда Семей ядролық полигоны жабылды.
Тағы қараңыз Хиросима
Дереккөздер
Санат:Қазақстан қоғамдық ұйымдары