"Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы" АҚ — жоғары медициналық білім беретін оқу орны. Қазақстан Республика Министірінің Кабинетінің 1997 ж. 25 ақпандағы қаулысымен Шымкент мемлекеттік медициналық институты негізінде құрылды. Оның емдеу, педиатрия, химия-фармацевтік факультеттері, дәрігерлер мен провизорлар біліктілігін көтеру секілді медицина саласына қажетті түрлі мамандар даярлайтын факультеттері мен 38 кафедрасы бар. Академияда Қазақстан Республика Ұлттық ғылым академиясының 1 академигі, 17 ғылым докторы және 115 ғылым кандидаты қызмет етеді.

Тарихы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1979 жылғы 03 шілдедегі №247 "Шымкент қаласында Алматы мемлекеттік медицина институтының филиалын ұйымдастыру туралы" қаулысымен АММИ филиалы ашылды. Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1990 жылғы 29 қазандағы № 429 қаулысымен АММИ филиалы Шымкент мемлекеттік фармацевтикалық институты болып қайта құрылды. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 14 шілдедегі №778 қаулысымен Шымкент мемлекеттік фармацевтикалық институты Шымкент мемлекеттік медицина институты болып өзгертілді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 25 ақпандағы №263 қаулысымен Шымкент медициналық институты "Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы"республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта құрылды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 08 шілдедегі № 1037 Қаулысымен "Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны "Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы"шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып қайта құрылды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 9 қарашадағы № 681 қаулысымен "Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны "Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы" акционерлік қоғамы болып қайта құрылды (заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы 2017 жылғы 13 қаңтардағы анықтама).

Факультеттер Медицина факультеті Фармация факультеті Халықаралық факультет Интернатура және түлектерді жұмысқа орналастыру деканаты Резидентура деканаты Ғылыми-клиникалық жұмыстар, докторантура және магистратура басқармасы Үздіксіз кәсіби даму факультеті Медициналық колледж Әскери кафедра

Ректорлар 1979-1989 - Тегісбаев Есболған Тегісбайұлы, ф.ғ.к., доцент 1990-1993 - Үшбаев Кеңесбай Үшбайұлы, ф.ғ.д., профессор 1993-1997 - Төлебаев Райыс Қажыкенұлы, м.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі 1997-1999 - Рысұлы Мұстафа, м.ғ.д., профессор 1999-2008 - Дайырбеков Орынбай Дайырбекұлы, м.ғ.д., профессор 2009-2018 - Сексенбаев Бақытжан Дерибсалиевич, м.ғ.д., профессор 2018 — 2024 — Рысбеков Мырзабек Мырзашұлы, м.ғ.д., профессор 2024 — қазіргі уақытқа дейін Сейітжанова Жанна Серікжанқызы

Атақты түлектер Алексей Владимирович Цой - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі (2020-2021). Бүркітбаев-Қазақстан Республикасының Жандос Қонысұлы Денсаулық сақтау вице — министрі (2020-2021). Асылбеков Нұрлыбек Әбибуллаұлы-Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы (05.2022 бастап). Пашимов Марат Орынбасарұлы-Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы (04.2020 бастап). Позилов Бақытжан Жолдасбекұлы-Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы (2020-2022). Қашқымбаева Ләззат Рсымбекқызы-Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті департаментінің басшысы (2011-2019)

Дереккөздер

Санат:Шымкент жоғарғы оқу орындары

Санат:КСРО медициналық жоғары оқу орындары