Пері — дүниелік өлшемнің сыртында, қатар өмір сүретін адам, жан-жануар бейнесіне ене алатын мифологиялық бейне. Пері кейде жын сөзінің парсы тіліндегі баламасы ретінде қолданылады.Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1 Табиғаттан тыс жаратылған зұлым күш ретінде түсіндіріледі. Ескі наным-сенімше, адамды көзге көрінбейтін түрлі жамандықтар тосады. Олардың қастандығынан тек киелі қасиет иелеріне сүйеніп қорғануға болады-мыс.Қазақтар. 5-том. "Білік" баспа үйі, Алматы, 2003

Перілердің мекені адам аяғы жетпеген Қап тауының ұшар басы тәрізді қиын жерлер болып келеді. Бұлардың қанаттары болады және кез-келген жерге әп-сәтте ұшып бара алады. Кейбір мифтік аңыздарда перілер су астын да мекендейді. Оларды су перісі дейді. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. 5-том. 80-бет. «Азия Арна» баспасы. Алматы, 2014

Тағы қараңыз Жын Дереккөздер</span> «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том

Санат:Дін Санат:Ислам Санат:Аңыздардағы тіршілік иелері