Сардар ( – сирдар) — әскери басшы. Осман империясындағы соғыс қимылдарын жүргізуші армия қолбасшысының, Англия билігі кезеңінде Египеттегі ағылшын офицері, хедив армиясы қолбасшысының лауазымы. Иранда, Ауғанстанда Сардар ықпалды сановник, тайпа басшысы. Қазақтар да өз қолбасшыларын Сардар деп атаған. Мыс., 1916 ж. ұлт-азаттық көтерілістің басшысы Амангелдіні сарбаздары “Сардар” деп атаған.Қазақ Энциклопедиясы, 7 том Үндістанда сардар деп сикх әскербасылары аталады. Қырғыз, ұйғыр т.б. түркі тілдерінде де "әскер басы, қолбасшы" мағынасында кездеседі. Түркіменстанда сардар титулы кезінде президент Сапармұрат Ниязовқа берілді.Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. 5-том. 161-бет. «Азия Арна» баспасы. Алматы, 2014
Пайдаланылған cілтемелер
Санат:Әскери шендер