Сәуірдің 21 — Григориан күнтізбесінде жылдың 111-ші күні (кібісе жылдарда 112-ші). Жылдың аяғына 254 күн қалады.

Мерекелер — Мемлекеттік күзет қызметі күні Тирадентес күні. 1792 ж. Рио-де-Жанейрода португалдықтар Бразилия азаттығына күрескен Тирадентесті жазалады.  — Рим негізі қаланған күн  — Ағаш отырғызу күні. Икбал күні. 1938 ж. қайтыс болған Пәкістан рухани атасы саналатын Мұсылмандар лигасы президенті, ақын Мұхаммед Икбалды еске алу күні. Техас, Сан-Хасинто күні. Қоршаған орта күні.

Оқиғалар

Туғандар 1816 жыл — Шарлотта Бронте (1855 жылы қ.б.), ХІХ ғасырдағы ірі жазушылардың бірі, ағылшын әдебиетінің классигі 1864 жыл — Макс Вебер (1920 жылы қ.б.), неміс әлеуметтанушысы, әлеуметтік философ, тарихшы 1909 жыл — Тәжен Елеуов (1967 жылы қ.б.), қазақ тарихшысы

Қайтыс болғандар 1142 жыл — Пьер Абеляр (1079 жылы т.), француз философы, теологы және ақыны 1699 жыл — Жан Расин (1639 жылы т.), Францияның XVII ғасырдағы ұлы үш мдраматургтарының бірі 2010 жыл — Хуан Антонио Самаранч (1920 жылы т.), әйгілі испандық кәсіпкер, әрі саясаткер, Халықаралық олимпиада комитетін 1980-2001 жылдары басқарды, ХОК өмірлік құрметті президенті.

Сыртқы сілтемелер

Санат:21 сәуір