Майдан Күнтуарұлы Сүлейменов (30 қыркүйек 1941, Алматы) — ғалым. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі. Заң ғылымдарының докторы, профессор. Каспий жеке қоғамдық университетінің құқықтық ғылыми-зерттеу институтының директоры (2013 жылдан).

Толығырақ Майдан Күнтуарұлы 1941 жылы 30 қыркүйекте Алматыда дүниеге келген; 1963 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген; 1963 – 1966 жылдары КСРО Ғылыми Академиясының Мемлекет және құқық институтының аспиранты; 1966 – 1991 жылдар Қазақ КСР-і Ғылыми Академиясының Философия және құқық институтында кіші, аға ғылыми қызметкер, азаматтық құқық ғылымдары бөлімінің меңгерушісі; 1991 – 1992 және 1994 – 1995 жылдар ҚР Ғылыми Академиясының Мемлекет және құқық институтының директоры; 1992 – 1994 жылдар ҚР Ұлттық ғылым академиясының Бас ғалым-хатшысы болды; 1995 жылдан Қазақ гуманитарлық заң университетінде жеке құқық ғылыми-зерттеу орталығының директоры; 2013 жылдан Каспий жеке қоғамдық университетінің құқықтық ғылыми-зерттеу институтының директоры.

Қоғамдық белсенділігі ҚР Президенті жанындағы Құқықтық саясат кеңесінің, ҚР Жоғары соты ғылыми-консультативті кеңесінің, ҚР Парламенті Сенатының сараптама кеңесінің, ТМД Экономикалық соты ғылыми кеңесінің мүшесі. ҚР Конституциясын, Азаматтық кодексін, тұрғын үй заңын және басқа да экономикалық реформаға қатысты заңдарды жасауға қатысқан.Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені - 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2

Шығармалар: Ответственность за нарушение сроков исполнения договорного обязательства, А., 1971; Структура договорно-хозяйственных связей, А., 1980; Право и предпринимательство в РК, А., 1994; Право и иностранные инвестиции в РК, А., 1997; Комментарий к Гражданскому кодексу РК (общая часть), в 2-х кн., А., 1998; Energy Charter Treaty, London, 1997; Право и собственность в РК, А., 1998.

Ғылыми атақтары 1966 жылы Заң ғылымдарының кандидаты (ғылыми атағы); 1980 жылы Заң ғылымдарының докторы (ғылыми атағы); 1985 жылы профессор құрметті ғылыми атақтары берілді; 2000 жылдан Еуропалық құқық Академиясының академигі (Будапешт); 2003 жылдан Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі.

Мемлекеттік марапаттары 1986 жылы «Қазақ КСР Алтын кітабына» енді. 1999 жылы «Құрмет ордені» мен марапатталды. ТМД халықаралық парламент ассамблиясының құрмет грамотасымен марапатталған (1978, 2007 жылдары); 2004 – 2006 жылдары екі мәрте «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін медалі» мен марапатталған (ҚР БжҒ министрлігі); 2005 жылы «Қазақстан конститутциясына 10 жыл» медалі; 2015 жылы «Қазақстан конститутциясына 20 жыл» медалі; 2016 жылы президент жарлығымен «Парасат ордені» берілді.

Дереккөздер

Санат:Заң ғылымдарының докторлары Санат:Қазақстан Ұлттық ғылым академиясы академиктері Санат:Қазақстан Конституциясына 20 жыл медалінің иегерлері Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері