Әбдісағит Шаймұханбетұлы Тәтіғұлов (13 наурыз, 1940 жылы туған, Қостанай облысы Фёдоров ауданы Трактово ауылы) – құрылысшы-инженер, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген құрылысшысы (1977), архитекторлық ғылымдардың кандидаты (1979), профессор (1992), Шығыс елдері халықаралық архитектор (2001) және Халықаралық архитиктура академияларының (2002) академигі.

Өмірбаяны Арғын тайпасы Тоқал Арғын руының Төлек бөлімінен шыққан. 1962 жылы Қазақ политехникалық институты институтының (қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) архитектор-құрылыс факультетін бітірген. 1962 – 1975 жылы Ақмоланың (қазіргі Астана) құрылыс орындарында, Қазақ КСР-і Мемлекет құрылыс комитетінде инженер және азаматтық үй құрылысы басқармасында бас маман 1975 жылдан Қазақстанның қала құрылысын жобалау институтының (1993 жылдан “KAZGOR” жобалау академиясы) директоры 2003 жылдан “KAZGOR” жобалау академиясының президенті. Жобалары Алматы қаласында “Қазақстан” қонақ үйі (1978, Ю.Г. Ратушный, Н.Л. Матвиец, т.б.; Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлығы, 1980) Орталық мемлекеттік мұражайының ғимараты (1984) Қазақстан Мемлекеттік мұражайының ғимараты (1985, Ратушный, З.М. Мұстафина, т.б.) Ұлттық банктің әкімшілік ғимараты (1994) “Алма” сауда үйі (1999) Спорттық-сауықтыру кешені (2002) Стратегелиялық зерттеулер институтының ғимараты (2002 – 06) “Жиһаз” бизнес орталығы (2005), т.б. құрылыс ғимараттары салынды.

Кітаптары Тәтіғұлов басқалармен бірлесіп “Қазақстанның қала құрылысы” (1973) “Жобалау кеңесінен жобалау институттарына дейін” (1980) атты кітапты жазған; Тәтіғұлов Ә.Ш. Өзекті өмір ("Стержень жизни") Алматы, 2000. Тәтіғұлов Ә.Ш. Парыз (Считаю долгом своим. 1-том), Алматы, "Баспақан" 2010. Тәтіғұлов Ә.Ш. Ізгілер ізі (Раздумья о современниках, 2-том) Алматы, "Баспақан" 2010. Ахитектурно-строительная элита Казахстана, Алматы, 2005. сонымен қатар 170 ғылыми-техникалық мақала 5 монограммалық еңбектің бірқатар оқулықтардың авторы. Марапаттары 1999 жылы Мәдениет қайраткері 2005 жылы Қазақстанның құрметті құрылысшысы атағы. “Парасат” Еңбек Қызыл Ту “Халықтар достығы” “Құрмет белгісі” ордендерімен және медальдармен марапатталған.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII томҚазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8

Дереккөздер

Санат:13 наурызда туғандар Санат:1940 жылы туғандар Санат:Фёдоров ауданында туғандар Санат:Қазақстан құрылысшылары Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген құрылысшылары Санат:Архитектура ғылымдарының кандидаттары Санат:Шығыс елдері халықаралық архитектор академиясының академиктері Санат:Халықаралық архитиктура академиясының академиктері Санат:Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті түлектері Санат:Қазақстан сәулетшілері Санат:Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегерлері Санат:Қазақстан мәдениет қайраткерлері Санат:Парасат орденінің иегерлері Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері Санат:Халықтар Достығы орденінің иегерлері Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері Санат:Қазақстанның құрметті құрылысшылары