Қарасу — Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданындағы ауыл, Қарасу ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Казталовка ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 105 км-дей жерде, Қараөзеннің (Қараөзеннің) оң жағалауындағы көкпек, сарсазан, бұйырғын өскен сортаңды сор, сұр топырақты шөлейт белдемде орналасқан.
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1118 адам (539 ер адам және 579 әйел адам) болса, 2009 жылы 885 адамды (442 ер адам және 443 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 739 адамды (384 ер адам және 355 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Тарихы 1963-1997 жылдары «Жұлдыз» қой өсіру кеңшарының орталығы болды. Оның негізінде 1997 жылдан Қарасуда және округтегі Ащысай, Жұлдыз, Төреғали ауылдарында 44 шаруа қожалығы құрылған.
Инфрақұрылымы 2 орта, 2 бастауыш мектеп, 2 мәдениет үйі, клуб, 2 фельдшерлік-акушерлік және 2 медициналық пункт бар. Тұрғындары елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.“Қазақ Энциклопедиясы”, 9-томБатыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8 Ауылға 2012 жылы газ құбыры жүргізілді.
Дереккөздер
Санат:Казталов ауданы елді мекендері