Pixar Animation Studios (Пиксар Энимэйшн Студиос) немесе Pixar — компьютерлік анимация жанрында жұмыс істейтін киностудия. АҚШ, Калифорнияда орналасқан.

Pixar студиясын өзінің «Жұлдызды соғыстар» еңбегі табысты болған соң Джордж Лукас 1979 жылы құрды (ол кезде студия «The Graphics Group» деп аталды да Lucasfilm кинокомпаниясының компьютерлік бөлімшесі болды).

1986 жылы Стив Джобс компанияны Джордж Лукастан $5 миллионға сатып алды. Алғашында Лукас компанияны $30 миллионға бағалаған, алайда, әйелімен ажырасып, мүлкі екіге бөлінген соң, ақшаны қатты қажетсінген Лукас Джобс ұсынған бағаға келісуге мәжбүр болды. Компанияның жаңа бастығы, негізін қалаушылардың бірі, Элви Рей Смит болды да компанияны Pixar деп атауды ұсынды.

2006 жылы ұзақ әрі күрделі келіссөздерден соң студияны Walt Disney Pictures компаниясы $7,4 миллиардқа сатып алды, ал Стив Джобс Walt Disneyдің алпауыт акционерлерінің біріне айналды. 2006 жылдың 24 Қаңтарында бірігу туралы келісімшарт жасалды, сол жылдың 5-ші Мамырында акционерлер тарапынан қолдау тапты.

«Ойыншықтар хикаясы», «Ойыншықтар хикаясы 2», «Фликтің шытырман оқиғалары», «Монстрлар корпорациясы» және «Немоны іздеу» туындылары 2,5 миллиард доллар сомасында табыс әкеліп, Pixar студиясын кинемотография тарихындағы ең табысты анимациялық студияға айналдырды.

Mультипликациялық фильмдер шығарумен қатар, Pixar үшөлшемді компьютерлік графика саласында озық шешімдер жасаумен де айналысады. Pixar RenderMan қозғалтқышын жасап, соны сатумен айналысады. RenderMan — жоғарысапалы фотореалистикалық кескіндерді визуализациялайтын (генерациялайтын) бағдарламалық жасақтама. Бұл бағдарламалық жасақтама «Титаник», «Матрица», «Сақиналар әміршісі» және сол сияқты фильмдерде визуалды эффектілер жасауда қолданылған.

Бас директоры — Эд Кетмелл, ал креатив бөлімін Джон Лассетер басқарады.

Студия еңбектері

Толықметражды анимациялық фильмдер №Қазақша атауыАғылшынша атауыӘлемдік премьера күніБюджеті, $Жинауы, $1«Ойыншықтар хикаясы»Toy Story22 қараша 199530 млн373 554 0332«Фликтің шытырман оқиғалары»A Bug’s Life25 қараша 1998120 млн363 258 8593«Ойыншықтар хикаясы 2»Toy Story 224 қараша 199990 млн497 366 8694«Монстрлар корпорациясы»Monsters, Inc.2 қараша 2001115 млн577 425 7345«Немоны іздеу»Finding Nemo30 мамыр 200394 млн940 335 5366«Суперотбасы»The Incredibles5 қараша 200492 млн633 019 7747«Көліктер»Cars9 маусым 2006120 млн462 216 2808«Рататуй»Ratatouille29 маусым 2007150 млн620 702 9519«ВАЛЛ-И»WALL-E27 маусым 2008180 млн533 281 43310«Жоғары»Up29 мамыр 2009175 млн735 099 08211«Ойыншықтар хикаясы 3»Toy Story 318 маусым 2010200 млн1 066 969 70312«Көліктер 2»Cars 224 маусым 2011200 млн562 110 55713«Батыл жүрек»Brave22 маусым 2012185 млн538 983 20714«Монстрлар университеті»Monsters University21 маусым 2013200 млн743 559 60715«Ойжұмбақ»Inside Out19 маусым 2015175 млн857 611 17416«Мейірімді динозавр»The Good Dinosaur25 қараша 2015200 млн332 207 67117«Дориді іздеу»Finding Dory17 маусым 2016200 млн1 028 570 88918«Көліктер 3»Cars 316 маусым 2017175 млн383 930 65619«Коконың құпиясы»Coco22 қараша 2017175 млн807 082 19620«Суперотбасы 2»The Incredibles 215 маусым 2018200 млн1 242 805 35921«Ойыншықтар хикаясы 4»Toy Story 421 маусым 2019200 млн1 073 394 59322«Алға»Onward6 наурыз 2020200 млн141 946 31523«Жан»Soul25 желтоқсан 2020150 млн121 903 88524«Лука»Luca18 маусым 2021100 млн49 750 47125«Қызарып барамын»Turning Red10 наурыз 2022175 млн20 122 62126«Базз Лайтер»Lightyear17 маусым 2022200 млн226 105 12227«Элементарно»Elemental16 маусым 2023200 млн493 307 28928«Ойжұмбақ 2»Inside Out 214 маусым 2024200 млн1 629 833 909

Болжалды фильмдер №Қазақша атауыАғылшынша атауыӘлемдік премьера күніБюджеті, $Жинауы, $29«Элио»Elio13 маусым 2025

Дереккөздер

Санат:АҚШ кинокомпаниялары Санат:Pixar Санат:The Walt Disney Company бөлімшелері