Баткен облысы () — Қырғызстан Республикасының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан облыс. 1999 жылы 12 қазанда құрылған. Облыстың әкімшілік орталығы — Баткен қаласы.
Тарих 1999 жылдың 13 қазанында Ош облысынан Баткен, Қадамжай, Лейлек үш аудандарын, сондай-ақ Қызылқия облыстық бағыныстағы қала бөлу жолымен құрылды. Баткен ауылы жаңа облыстың әкімшілік орталығы болдыЗакон Кыргызской Республики «Об образовании Баткенской области Кыргызской Республики» от 13 октября 1999 года № 110.
2000 жылдың 18 ақпанында Баткен қала мәртебесіне ие болды, ал 2008 жылдың 1 желтоқсанында ауданнан облыстық бағынысына ауыстырылды.
2000 жылдың 18 ақпанында Сүлікті қаласы Лейлек ауданының құрамынан шығарылды, оған облыстық бағыныстағы қала мәртебесі берілді.
Әкімшілік бөлініс Баткен облысы құрылымы 3 аудан мен 3 облыстық бағыныстағы қаладан тұрады. 3 аудан: Баткен ауданы Қадамжай ауданы Лейлек ауданы 3 облысқа бағынатын қала: Баткен қаласы Қызылқия қаласы Сүлікті қаласы
Дереккөздер
Сілтемелер Баткен облысы ресми сайты Облыс туралы мәлімет