Кротон () – сүттіген тұқымдасына жатады. Отаны – Оңтүстік-шығыс Азия мен Тынық мұхит аралдары. Соңғы кездерде бөлме гүлдерінің ішінде, әдемі жапырақтары үшін үлкен қолданыста. Сабағы тік, көп болып тармақталып өседі. Жапырақтары үлкен, көлемді, қатты, қалың, жылтыр болып келеді. Жапырақтарының пішіндері әр қилы болып келеді. Түрлеріне қарай жасыл, сары, қызғылт, аралас ала түстері бар. Үй жағдайында сирек гүлдейді. Гүлі ақ түсті майда болады. Кротон күтімді қажет ететін нәзік өсімдік. Жел өтінде тұрып қалса, немесе суық сумен суғарса жапырақтарын тастап жібереді.

Жарығы Алакөлеңкеде де, жарықта да жақсы өседі.

Жылуы Қысы-жазы жылуды қалайды. Суық ауадан жапырақтары түсіп қалады.

Суғарылуы Жазда жиірек, қыста сирек суару керек.

Ылғалдылығы Жоғары ылғалдылықты қалайды. Жапырақтарына су бүркіп шаң тозаңнан тазартып тұрған абзал.

Қоректендірілуі Көктем-жаз айларында әдемі жапырақты өсімдікке арналған тыңайтқышпен айына бір рет қоректендіріп тұрған жөн.

Аурулары Ауа құрғақтығынан, суықтан, азынақ желден ауырады.

Көбейтілуі Тұқымы арқылы көбейтеді. Ең оңай жолы қаламшасы арқылы көбейту.Құлжабаева Г.Ә.; «Өсімдіктер әлемі» оқу-әдістемелік кешені, Жемістер: Дидактикалық материал. - Алматы, 2011. - 16 б;ISBN 978-601-7237-31-8

Сілтемелер Гүлстан, өсімдіктер туралы сайт

Дереккөздер

Санат:Сүттігендер