Кеңестік Қазақстан тарихының деректемелері Кеңестік Қазақстан тарихының деректерін жинастыру және оларды ғылыми-жарияланымдық мақсатта пайдалану Азамат соғысының аяқталып (1918—1920), бейбіт құрылысқа көшу кезінен бастау алады. Алғашында мерзімді баспасөз материалдары мен ресми құжат үлгілеріне сұрыптау жүргізілді. 1921 жылдың тамызында Қазақ АКСР-і Ағарту халық комиссариатының Академиялық орталығы А. Байтұрсыновтың жетекшілік етуімен ел тарихы мен мәдениетінің жазба дерек көздерін жинау, зерттеу және насихаттау жөнінде ұсыныс көтерді.
Сол жылдың күзінде құрылған ҚазКСР-і Орталық мемлекеттік мұрағаты ұйымдар мен мекемелерден түскен құжаттарды мұрағат қоймаларында мақсаттюрі жоспарлы түрде жинап, сақтауға кірісті. 1922 жылы қарашада құрылған Партия тарихының («Истпарт») (РК(б)П және Қазан төңкерісі тарихын зерттеу жөніндегі комиссия) қазақ бюросы тарихи мәні бар құжаттар мен революциялық оқиғаларға тікелей қатысқан адамдардың естеліктерін жинай бастады.
Төңкеріс пен Азамат соғысы жылдарында және Кеңес өкіметінің алғашқы кезеңінде көптеген тарихи деректер біржола жоғалды, бүлінді немесе ұрланып, жойылып кетті. Деректердің үлкен бөлігі Қазақстаннан тысқары жерлерде сақталды. 1925 жылы Қазақстан астанасын Қызылордаға көшірген кезде осы құнды мұрағаттық деректемелер Орынборда қалып қойды. 1928-1929 жылдары мұрағат мекемелерін Қызылордадан Алматыға көшіргенде де деректер мен құжаттық материалдардың белгілі бір бөлігі жоғалды. Оңтүстік Қазақстан, Жетісу және Сырдария облыстарының тарихына қатысты құжаттардың елеулі бөлігі Ташкентте қалып, Өзбекстанның мемлекеттік мүлкі саналды.
Республикалық мұрағат мекемелері объективті және субъективті қиындықтарды жеңе отырып, жазба деректерді бір орталықта жинау мен сақтау, сондай-ақ оларды зерттеу мен жариялауды ұйымдастыру бойынша қыруар жұмыстар атқарды. Бірыңғай мұрағаттық тораптардың қалыптасуы мен орнығуына орай, республикада тарих ғылымының құжаттық негізі қорланып, ұлғая түсті.
1927—1929 жылдары республиканың Партия тарихы бюросы жанынан партия құжаттарын сақтау үшін арнайы мұрағаташылды. Кейіннен бұл мекеме Қазақстан Компартиясы ОК жанындағы партия тарихы институтының мұрағаты - КОКП OK жанындағы Марксизм-ленинизм институтының бөлімшесі (ауызекі тілде партархив -партмұрағат) деп аталды. 1994 жылдың 14 қаңтарынан бастап бұл мекеме Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты деп аталады. Қазан төңкерісінің 10 жылдық мерейтойы қарсаңында (1927) партия тарихы комиссиясы Сәкен Сейфуллиннің басшылығымен тарихи оқиғаларға қатысушылардың 100-ге жуық естеліктерін жинады. Бұл естеліктер партмұрағаттың ғылыми құндылығы бойынша жоғары баға алған №811 қорының негізін қалады.
Партиялық мұрағаттар қорында сақтауға іріктелінген құжаттар кешенінің негізгі бөлігін РК(б)П - БК(б)П - КОКП-ның қазақстандық ұйымы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің шешімдері мен қаулылары, Қазақ облыстық комитеті (Кыробком, 1921-1925), БК(б)П Қазақ өлкелік комитеті (1925-1937), Қазақстан Компартиясы OK (1937-1991) секретариаты Бюросы отырыстарының хаттамалары, олармен бірге жолданған құжаттар, республикалық және жергілікті партия ұйымдары пленумдарының, мәжілістерінің, құрылтай жиналыстарының материалдары, барлық деңгейдегі партия комитеттері мен ұйымдарының, партиялық, кеңестік бақылау органдарының, халық комиссариаттары мен министрліктердің, мекемелер мен құрылымдардың, қоғамдық ұйымдардың жұмыстары туралы есептері, талдау жазбалары, анықтамалар, баяндамалар, хаттар, статистикалық мәліметтер және басқа құжаттар құрады. Бұл құжаттар, тұтастай алғанда, тоталитарлық қоғам шеңберінде жасалған тарихи ақпараттардың күрделі де кең жүйесін сипаттайды.
Бұл құжаттардың басты құндылығы — бастауыш партия ұйымдарының белсенділерінен бастап Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитеті номенклатурасының басшы қызметкерлеріне дейінгі сан мындаған адамдар туралы партиялық істерде жинақталған жеткілікті мөлшердегі ақпараттардың болуында. Партиялық іс құжаттар адамның қызмет баспалдақтарымен жүріп өткен әрбір қадамын — өмірбаян дерегін, мінездемелер мен анкеталарды, анықтамаларды жай тізіп шығу ғана емес, олар Қазақстанның өткен тарихы, бүкіл халықтың тағдыры туралы үлкен тарихи мәні бар мәліметтерге де толы. «Қазақстан тарихының» осы 4-томында саясат, экономика, мәдениет пен тұрмыс мәселелерін, қазақстандықтардың басып өткен жолын, жекелеген тұлғалардың тағдырына дейін жан-жақты суреттейтін орасан мол деректердің жоғарыда аталған тобы кеңінен пайдаланылды.
Екі деректемелік қордың жасалуы және бұған қоса мұрағаттардың партиялық және мемлекеттік дербес екі жүйесінін құрылуы Қазақстандағы тарих ғылымының дамуына кері әсерін тигізді. Соған сәйкес, ғылымның екі бағыты - жетекші-бағыттаушы партиялық ғылым мен оған бағынышты азаматтық тарих ғылымы қалыптасты.
Бұған дейін республика Ағарту халық комиссариатына бағынышты болып келген мемлекеттік мұрағаттар 1938 жылдан бастап КазКСР Ішкі істер халық комиссариатының қарамағына берілді. Мұрағаттарда жартылай әскери тәртіп енгізілді, құжаттарды пайдалану мен жариялау ережесі күшейтілді. Ұзақ жылдар бойы онда жабық мекеме рухы, ерекше құпиялық пен тарихи құжаттарды халықтан жасыру ахуалы үстемдік құрды.
Кеңес үкіметі жылдарында Қазақстан мұрағаттарының құжаттық қорлары әлсін-әлсін «тазалау» мен аса құпиялық бақылауға алынып отырды. Жалпы алғанда, кеңестік дәуірде жазба деректер сан жағынан әлденеше есе өскеніне қарамастан, Сталиннің кезінде және одан кейінгі кезеңде кеңес дәуіріндегі тарихтың қайнар көздеріне орны толмас зиян келтірілді.
40-70-жылдардағы жоспарлы тазалау барысында мұрағат қоймаларының партиялық қорларынан, тарихи құндылығы жоқ деген желеумен, Қазақстан тұрғындарының 20-50-жылдардағы ауыр жағдайына куәлік ететін құжаттар алып тасталынды және отқа өртелді. Олармен бірге партия комитетгері мен үкіметтік құрылымдар ұйымдарының жұмысындағы қателіктер мен кемшіліктер туралы мәліметтер (немесе сыни пікірлер) бар құжаттар да жойылды. Мемлекеттік мұрағат қоймаларының қорларына қатысты да осындай шаралар жүзеге асырылды. Мәселен, 1941 жылғы шілде-тамыз айларында ҚазКСР-і Орталық мемлекеттік мұрағатында жүргізілген арнайы тексеруден кейін, республика Халық Комиссарлары Кеңесінің қорынан (№30 кор) 1920-1929 жылдардың 172 мұрағаттық ісі жойылу үшін алынды. Осылайша 1944 жылдың тамызында 1929-1935 жылдардың 610 мұрағаттық істері, 1945 жылдың шілде — желтоқсанында 1929-1936 жылдарға қатысты 2310 мұрағаттық іс өртелді.The modern history of Soviet Central Asia. P. 179- 187; idem. Modernization in the East: the role of script and language reform // Asian affairs. 1974. Vol. 5. Pt. I. P. 157-164; idem. The Turkic languages of Soviet Asia: Russian linguistic policy / / Middle Eastern Studies. 1977. Vol. 13. No. 2. P. 208-217; Rywkin M. Russia in Central Asia. N.Y., L., 1963. P. 86-87; Dunn S. and Dunn E. Soviet regime and native culture in the Soviet Union // American anthropologist. 1962. Vol. LXIV. No. 2. P. 328-339; Henze P.B Politics and alphabets in Inner Asia // Advances in the creation and revision of writing systems. The Hague. P. 371-420; Problems of Communism. 1982. No. 4. P. 78 etc..
Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарына қатысты құжаттар тәркіленіп, ізсіз-түзсіз жоғалып кетті. Қалған істерге «Құпия», «Ерекше құпия», «Жариялауға жатпайды» деген белгілер соғылып, олар арнаулы жабық қорларда ұсталды. КК(б)П OAK Өлкелік Комитеті ЧК-ОГПУ-НКВД ПМ салалық мұрағаттарында Алаш қозғалысына қатысушылар, оппозициялық топтар мен жіктер, сондай-ақ әр кезеңде, әсіресе 20-жылдары республиканы ұлттық мүддесін табандылықпен қорғағандар туралы құжаттар сақталды. 20—30-жылдардың соңында бұл материалдар жаппай қуғын-сүргінге ұласқан идеологиялық науқан мен тазалаудың негізіне алынды. Қызметкер орган тарапынан тұтқындалып, «халық жауы» деген ат алысымен-ақ, тиісті қорларды тазарту жұмыстары жүргізілді және оның есіміне қатысты құжаттар алынып тасталды.
«Қазақстан тарихының» 4-томында деректемелер ретінде пайдаланылған құжаттар, өзінің сипаты жағынан, мұрағаттық материалдардың: # мемлекеттік мекемелер, # қоғамдық ұйымдар, # жеке тұлғалар тарапынан жасалынған үлкен үш тобына бөлінеді. Атқаратын қызметтеріне қарай бұл құжаттар нормативтік-реттеуші (заңдар, жарлықтар, қаулылар т.б.), ұйымдастыру-басшылық, ақпараттық-анықтамалық, жоспарлар, есеп беру құжатнамалары болып бөлінді.
Осы томды жазу барысында пайдаланылған КырОАК, БОАК, КазОАК, КСРО және КазКСР Жоғарғы Кеңестері қабылдаған заңдар, заң күші бар нормативтік құжаттар мекемелер мен ұйымдардың мәртебелерін, құқықтары мен міндеттерін анықтауға, құрылымы мен қызметтік құзыретінің шектерін белгілеуге негіз болды. РК(б)П - БК(б)П - КОКП Орталық Комитеті мен оның Қазақстандағы комитеттерінің қаулылары мен шешімдері белгілі бір міндеттерді шешуде олардың Пленумдарының, мәжілістері мен съездерінің нұсқауларымен бірдей басшылыққа алынып, Коммунистік партияның билігін жан-жақты нығайтуды мақсат етті. Ірі саяси-шаруашылық қайта құруларды және іс-шараларды (мысалға, жер-су реформалары, байларды тәркілеу т.б.) жүзеге асырар алдында биліктің барлық үш тармағының - БК(б)П Қазақ Өлкелік комитетінің, Қазақ Орталық Атқару комитетінің (ҚазОАК) және республика Халық Комиссарлары Кеңесінің (кейіннен - Қазақстан Компартиясы OK, КазКСР Жоғарғы Кеңесі және Министрлер Кеңесі) біріккен қаулылары қабылданды. Орталық билік пен басқару органдарының ресми құжаттарынан кейін кәсіподақтардың, комсомолдың, бүкілқазақстандық «ерікті қоғамдық ұйымдардың» басшылығының қабылдаған қаулылары деректемелердің екінші үлкен тобын құрады.
«Қазақстан тарихы» академиялық басылымының бүкіл тарихында алғаш рет жеке адамдар қалдырған деректер - мұрағаттық жеке істер материалдары, анықтамалар, хаттар, өтініш-арыздар, мемуарлар, естеліктер және басқалар кеңінен қолданыс тапты. Ғылыми айналымға алғаш рет енгізілген, оның ішінде бұрынғы жабық қорлар мен арнаулы қоймаларда сақталған тұлғалар туралы материалдар сөзсіз қызығушылық тудырады. Мұрағаттық қорлардан алынған деректердің көрсеткеніндей, егер елдің жоғары басшылығының нұсқау құжаттары төменгі органдарға өзгеріссіз жетіп отырған болса, ал төменнен жоғарыға жолданған құжаттар формасы мен мазмұны жағынан айтарлықтай өзгерістерге ұшырап отырған.
Жергілікті ұйымдардан басшы партиялық-кеңестік органдарға жіберілген кұжаттардың басым бөлігі әр денгейдегі басқару аппараттарында биліктің қалауынша қайтадан «өңделді», соның салдарынан онда берілген деректер мен оқиғалардың мазмұны өзгеріп, басқаша бағаланды. Шаруашылық пен мекеме және ұйымдардың жұмысы туралы ақпараттар мен есептер уездік (кейіннен аудандық, округтік) басшылық аппаратында сұрыпталып, жүйеленді, қажетінше тиісті өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Уездерден түскен құжаттар губерниялық (облыстық) денгейде партиялық тұрғыда қатаң тексеріліп, жинақталды. Құжаттарға қатысты мұндай айла-әрекет басшылықтың ең жоғарғы органдарында - республикалық партия, кеңес органдарында және Қазақстан үкіметінде жүзеге асырылды. Бұл әрекеттер саяси конъюнктураның айтуымен жасалды. Тарихи деректеме болуға тиісті құжаттарда көптеген өмір шындықтары көрініс таппады, олар социалистік және коммунистік «еңбек майданынан» жолданған бір сарынды асыра орындау секілді мәлімдемелерге ұқсады. Қағаз беттерінде сан мәрте тексерілген, Коммунистік партияның басшылық қызметін көрсетуге барынша тиімді деректер ғана қалдырылды. Және осыған орай «мәңгілікке сақтау» мұрағаттарының қорларына Компартия басшылығын, оның тек алдыға және биікке қарай қадам басқан жасампаздық ісін куәландыруға оңтайлы саяси мәнді құжаттар алынды. Партия идеологиясы мен саясатына кайшы келетін куәліктер мұрағаттарда сақтауға қабылданбады, ал сирек жағдайда қабылданған мұндай құжаттарға «Кұпия» белгісі соғылып, олар жабық қорлар мен арнаулы қоймаларда сақталды. Сөйтіп тарихи маңызды құжаттардың ауқымды бөлігі қоғамнан және коммунистердің өздерінен де жасырын ұсталды.