Сциндапсус () – шаяноттар тұқымдасының 113 тегінің бірі. Лиана.

Таралуы Сциндапсус Орталық және Оңтүстік Америка, Азияның тропикалық ормандарында таралған. Қазақстанда бөлме гүлдері ретінде өсіріледі.

Биологиялық сипаттамасы thumb|left|200px| Өсімдік морфологиясы Ірі, көпжылдық, шөптес, мәңгі жасыл лиана.

Жапырақтары ірі, қарапайым, көн тәрізді, кезек орналасқан, қара-жасыл түсті, көбіне ақшыл дақтарымен. Жапырағының ұзындығы 10-15 см, ені 6-8 см. Бұтағының ұзындығы 5-6 метрге дейін жетеді.

Гүлшоғыры - собық.

Гүлдері - қос жынысты.

Күтімі Үй жағдайында өте тез өсетін, ерекше күтімді қажет етпейтін шырмауық өсімдік. Түбегіне мүкпен оралып жасалынған тіреу қойса, ауа тамырларымен шырмалып жоғарыға қарай өседі. Немесе аспалы түбектерге отырғызып өсірсе, ол төменге қарай жайылып өседі. Жапырақтары әдемі, жылтыр, ала, жасыл түсті, сары сызықтары бар, жүрек пішінді болады. Жарығы: Жарық жерде өсіреді. Күннің тіке түскен сәулесінен сақтау керек. Жарық жетіспеген жағдайда жапырақтары сары жолақтарын жоғалтып, әрсіз болып, ұсақталып кетеді. Жылуы: Барлық ароидтар сияқты жылуды жақсы көреді, қыста 16°C төмен болмағаны абзал. Суғарылуы: Көктем мен жазда жиі, қыста сирек суғарады. Артық суғарылса тамыры шіріп кетеді. Ылғалдылығы: Жапырағына су бүркіп тұру керек. Қоректендірілуі: Наурыз айынан қазан айына дейін әдемі жапырақты өсімдіктерге арналған сұйық тыңайтқышпен үш аптада бір рет қоректендіріледі. Аурулары: Дұрыс күтім жасалса ауруға шалдықпайды. Көбейтілуі: Қалемше және түбін бөлу арқылы көбейтіледі.

Галерея

Сілтемелер Гүлстан, өсімдіктер туралы сайт

Дереккөздер "Гүлстан" республикалық ғылыми-танмыдық, көпшілік журнал, 2010 жыл ISSN 2078-6727

Санат:Шаяноттар