Шағалалытеңіз — Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың, Тайынша аудандары жеріндегі көл. Қиялы ауылынан 11 км оңтүстік-шығыстағы қазаншұңқырда орналасқан. Теңіз деңгейінен абсолюттік биіктігі 135,6 м.
Гидрографикасы Ауданы 267,36 км2, ұзындығы 42,9 км, ең енді жері 12,5 км, орташа тереңдігі 1,5 м, ең терең жері 3,1 м, су жиналатын алабы 10900 км 2. Түбі лайлы, балшықты — қалыңдығы 1 метрге жетеді. Көлге Шағалалы өзені құяды. Қазіргі кезде негізінен ағынсыз, тек суы мол жылдары Шағалалытеңізден Ақбас көліне қарай ағын байқалады. Суының минералдығы көктемде 0,6 — 0,8 г/л, жазда 0,9 — 1,0 г/л, қыста 2,0 — 2,5 г/л.
Жағалау сипаты Көл айдынының 60-70%-ын қамыс, құрақ, тағы басқа су өсімдіктері жайлаған. Батыс және солтүстік жағалары жарқабақты, биіктігі 4-7 м, шығыс және оңтүстік жағалары жайпақ, айналадағы ортамен тұтасып кеткен. Оңтүстік жағалауы батпақты. Суы шаруашылық мұқтаждықтарға пайдаланылады.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том 18 бөлімҚазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шаруашылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл
Дереккөздер
Санат:Аққайың ауданы көлдері Санат:Тайынша ауданы көлдері Санат:Ертіс су алабы көлдері