Жақып немесе Яқуб (, Яаков; Исламда – , Якуб) — Інжіл және Қасиетті Құран кейіпкері.Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1 Кейбір тарихшылар Палестинада туды деседі. Әкесі Исхақтың тәрбиесінде өскен. Исхақ қасиетті Кұддыста Пайғамбар болып, 80 жыл ғұмырын сонда өткізген. Еңкейген шағында Аллаһтың рахымымен егіз ұл көрген. Бірінің есімі – Иесу, екіншісі – Жақып. Исхақ Жақыпқа алғыс батасын береді. Иесу бұған қызғаныш етеді, ниеті бұзылады. Мұны шешесі сезіп, Жақыпты нағашысына жібереді. Нағашысына барар жолда түсіне аспанға өрлеп бара жатқан періштелер кіреді. Аллаһ Тағала Жақыпқа: «Мен саған береке берейін, ұрпағыңды көбейтемін, осы жерді – Баитл Мұхаддасты сол ұрпақтарына мекен етемін» – дейді. Жақып қуанып оянады. Сол түсі бойынша Аллаһқа арнал бір ғибадатхана салуды мақсат тұтады. Кейін, ғибадатхана салатын орынды белгілейді. Сол жерде Баитл Мұхаддас бой көтереді. Жақып(ғ.с.)-да 12 ұл болады.

Исраилдың он екі тайпасы солардан өрбиді. Әр тайпа әр ұлының есімімен аталады. Ал, Жүсіптен айрылған соң Жақып (ғ.с.) жылап-сықтап, көзден айрылады. Жүсіппен табысқанда қарашығы қайта ашылады. Кейін Жүсіптің қолына келіп, 147 жасыңда қайтыс болады. Мәйіті кейінірек әкесі Исхақтың Палестинадағы зиратына әкеліп қойылады. Құранда Жақып есімі 17 жерде аталады.Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1

Ысқақ пайғамбардың Ребеккадан жиырма жыл уақыттан кейін тұған ұлы, пайғамбар.

Дереккөздер

Санат:Ислам пайғамбарлары