Куала-Лумпур () – Малайзия елінің астанасы, Малакка түбегінің оңтүстік-батысында орналасқан қала. 2009 жылғы мәлімет бойныша қала тұрғын саны 1 790 000 адамды құрайды. 2017 жылдан бері қала мэрі Ниш Хишам Ахмад Дахлан.
Тарихы Куала Лумпурдің негізі 1857 жылы қаланады. 1880-1978 жылдар аралығында – Селангор астанасы болады. Куала Лумпур 1972 жылдың 1 ақпанынан бері сити (ағыл. city) мәртебесіне, 1974 жылдан бері – Федеральді территория мәртебесіне иеПогадаев, В. А. Куала-Лумпур. — в Малайзия. Карманная энциклопедия. М.: Муравей-Гайд, 2000, с. 31.
Экономикасы Қала мемлекеттің сауда-өнеркәсіптік және қаржы орталығы болып табыладыМемлекеттің экономикалық және қаржы орталығы . Қала және қала маңында каучук, пальма майы және басқа да тамақ өнімдерін шығаратын кәсіпорындар бар. Сондай-ақ кәсіпорындар электротехникалық және электронды заттар, ауылшаруашылық құрал-жабдықтар мен металл өндіріп, автомобиль жинаумен айналысады.
Ұлттық құрамы Қала тұрғындары малайлар, қытайлар, тамильдер, малаялар, телугулер, бенгалдар, джакундар, ибандардан және сеноилардан тұрады.
Білім Қалада екі университет (Малайзия Технология Университеті және Малайя Университеті) жұмыс істейді.
Өнер және мәдениет Туризм
Қал аэкономикасында туризм жетекші орын алады. Қалада әлемдік танымал қонақ үйлер орын тепкен. Куала Лумпурға жыл сайын 8.9 миллион турист келеді, осылайша ол әлемдегі ең көп турист баратын алтыншы қала болып табылады.http://www.enjoyourholiday.com/2011/04/18/top-10-most-visited-cities-in-the-world/ Куала Лумпурде Мердека алаңы, малайзия Парламент үйі, Петалиң көшесі, Ұлттық сарай (Istana Negara), Куала Лумпур мұнарасы, Малайзия ұлттық мұражайы, Орталық базар, Ұлттық монумент,және Жәмек мешіті Бату үңгірлері сияқты діни орындар негізгі туристік нысандар болып табылады.
Дереккөздер
Санат:Азия елордалары Санат:Куала-Лумпур Санат:Миллионер қалалар