Анджей Сапковски (; 21 маусым 1948, Лодзь) — польшалық атақты фантаст-жазушы, әрі публицист, «Мыстангер» атты әйгілі саганың авторы. Сапковскидiң шығармалары ағылшын, француз, немiс, чех, орыс, украин, жапон және қазақ тiлдерiне тәржімаланып, басып шығарылған. Баспаханалардың сұранысы бойынша Сапковски Польша еліндегі авторларының үздік бестiгiне кiредi.
Өмірбаяны Анджей Сапковски 1948 жылы Лодзь қаласында дүниеге келген. Лодзь университетiнде Сыртқы сауда факультетiнде білім алған.
Ол 1986 жылы «Мыстангер» () атты алғашқы фэнтези новелласын жазып шыққан. Романның басты кейiпкерi – семсер мен сиқырлы таңбалар шебері – Ривиялық Геральт.
Кітаптары
Мыстангер
«Соңғы тілек» («Ostatnie życzenie», 1990 жыл), хикая жинағы «Тағдыр семсері» («Miecz przeznaczenia», 1992 жыл), хикая жинағы «Елфтердің қаны» («Krew elfów», 1994 жыл) «Жеркеніш заманы» («Czas pogardy», 1995 жыл) «Отты сынақ» («Chrzest ognia», 1996 жыл) «Қарлығаш мұнарасы» («Wieża Jaskółki», 1997 жыл) «Көл бикесі» («Pani Jeziora», 1998 жыл)
Рейневан сагасы «Сайқымазақ мұнарасы» («Narrenturm», 2002 жыл) «Құдай жіберген жауынгерлер» («Boży bojownicy», 2004 жыл) «Мәңгілік нұр» («Lux perpetua», 2006 жыл)
Тағы көріңіз Мыстангер (кітаптар сериясы) Мыстангер (телехикая) The Witcher Рейневан сагасы
Сыртқы сілтемелер Анджей Сапковскидің ресми сайты «Анджей Сапковскидің әлемі» сайты Сапковскидің библиографиясы Санат:Польша фантаст-жазушылары