Барыс Әлікенұлы Жапаров (1955 шілденің 30-ы, Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Талдыөзек ауылы) – технология ғылымдарының докторы (1988), професор (1990).
Қысқаша өмірбаяны
1976 - Қазақ политехнологиялық институтын (қазіргі Қазақ ұлттық технологиялық университеті) бітірген. 1976–89 ж. - осы университетте инженер, кіші және аға ғылыми қызметкер, ғылыми-зерттеу лабораториясының меңгерушісі; 1989–97 ж. - ҚР Министрлер Кеңесі жанындағы басшы қызметкерлер мен мамандардың біліктілігін жетілдіру институтында кафедра меңгерушісі, институт проректоры; 1997–99 - Түркиядағы ҚР Елшілігінің кеңесшісі; 1999–2000 - Түркия республикасындағы қазақ-түрік достық, қолдау және даму қоғамының төрағасы; 2000–01 - «NOKІA NETWORKS OY» (Финляндия) фирмасының Түркиядағы өкілдігінің кеңесшісі болды. 2001 жылдан - АҚШ-тың халықаралық даму агенттігінің (USAІD) Орталық Азия университетінде экономика және бизнес «Білімдер желісі» жобасының атқарушы директоры және «КАЗРЕНА» ғылыми білім беру компьютерлік желісін пайдаланушылар қауымдастығының бас директоры.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Мойынқұм ауданында туғандар Санат:1955 жылы туғандар Санат:Қазақстан инженерлері Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Профессорлар