Қопа – Іле алабындағы өзен.
Географиялық орны Жамбыл облысы Қордай ауданы және Алматы облысы Жамбыл ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 163 км, су жинайтын алабы 6940 км².
Бастауы Жетіжол, Кіндіктас тауларының солтүстік беткейіндегі Бел аулының төңірегінен басталып, Жиренайғыр темір жол стансасының солтүстігінде 7 км жерде Ұзынқарғалы өзенімен бірге Күрті өзенін құрайды.
Гидрологиясы Арнасы кең, жағасы тік жарлы. Жер асты суларымен, жауын-шашынмен толығады. Жылдық орташа су ағымы сағасында 1,01 м³/с. Жағалауы – шабындық, мал жайылымы. Егістік, бау-бақша суару үшін пайдаланылады. Қопадан бірнеше шағын канал тартылған.Қазақ энциклопедиясы
Салалары: Жанжігіт, Кірөзек, Тебет, Жартас, Мұса, Ақсеңгір, Жиренайғыр.
Дереккөздер
Санат:Жамбыл ауданы (Алматы облысы) өзендері Санат:Іле су алабы Санат:Қордай ауданы өзендері