Жақсы ауданы – Ақмола облысының солтүстік-батысындағы әкімшілік бөлініс. 1955 жылы тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты құрылған, әкімшілік шекара ретінде 1957 жылы құрылды. Аудан орталығы – Жақсы ауылы.
Географиялық орны Аудан солтүстігінде СҚО-ның Ғабит Мүсірепов ауданымен, шығысында Сандықтау, Атбасар, батысында Есіл, Жарқайың аудандарымен шектеседі.
Тарихы 1955 жылы 22 қазанда Есіл ауданының ықшамдалуынан Қима ауданы болып құрылды. Орталығы Қима ауылы болып, құрамына Есіл, Жақсы, Жирен, Запорожье, Киров, Қима, Новоярослав, Талсай, Шұрымсай ауылдық кеңестері енді. 1957 жылы аудан орталығы Жақсы ауылына көшірілді. 1963 жылдың 2 қаңтарында ауданға қазіргі атауы берілді. 1970-1988 және 1990-1997 жылдары Жақсы ауданы Торғай облысының құрамына кірді. Сонымен бірге 1970-1997 жылдары ауданның оңтүстік бөлігінде Қима ауданы болды.
Жер бедері Жақсы ауданы дала белдемінде орналасқан. Ауданның солтүстік жартысын абсолюттік биіктігі 300 — 400 м ұсақ шоқылы — жонды таулар мен Көкшетау қыратының оңтүстік-батыс бөлігі алып жатыр. Оңтүстік жағын жонды-белесті келген, абсолюттік биіктігі 250 — 300 м болатын Атбасар жазығының батыс бөлігі қамтыған.
Климаты, өсімдігі мен жануарлар дүниесі Климаты континенттік, қысы суық, қары аз (20 см), жазы ыстық, құрғақ. Қаңтардағы орташа температура –17 — 18°С, шілдеде 19 — 20°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 300 — 350 мм. Аудан жері арқылы Есіл, Терісаққан, Аққайрақты, Жаман Қайрақты, Құмай өзендері ағып өтеді. Ең үлкен көлі — Қалмақкөл. Солтүстігінде карбонатты қара, оңтүстігінде карбонатты қызыл қоңыр топырақ, өзен жайылмаларында шалғындық топырақ тараған. 1954—56 жылдары аудан жерінің көпшілік бөлігі жыртылды. Жыртылмай қалған жерлерінде жусан аралас селеулі, бетегелі-селеулі далалық өсімдіктер, Есіл аңғарында бұта аралас шалғын өседі. Қасқыр, түлкі, қарсақ, қоян, суыр, қарабауыр, күзен, сарышұнақ, қосаяқ, дала белдеміне тән құстар (бозторғай, қаратамақ, т.б.) мекендейді.
Халқы 1959 1970 1979 1989Ресей империясы, КСРО халық санақтары 1999 2009ҚР халық санақтары 2021 19497 37403 18755 20542 30808 21107 16451 Тұрғындар саны: 19 088 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар (47,32%), орыстар (23,73%), украиндар (13,76%), немістер (4,35%), беларустар (2,45%), татарлар (2,16%), мордвалар (1,75%), башқұрттар (0,71%), ингуштар (0,70%), молдовандар (0,73%), әзербайжандар (0,51%), удмурттар (0,50%), армяндар (0,05%), марилер (0,02%), басқалары (1,26%).
Әкімшілік бөлінісі 25 елді мекен 2 ауылдық әкімдік пен 12 ауылдық округке біріктірілген:
+ Халқының саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары Ауылдық округтері 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен Белағаш ауылдық округі 1149 869 75,6 582 435 74,7 567 434 76,5 Беловод ауылдық округі 1524 1043 68,4 751 522 69,5 773 521 67,4 Есіл ауылдық округі 1579 1157 73,3 784 562 71,7 795 595 74,8 Жақсы ауылдық округі 5097 4626 90,8 2414 2313 95,8 2683 2313 86,2 Жаңақима ауылдық округі 3282 2389 72,8 1662 1248 75,1 1620 1141 70,4 Запорожье ауылдық округі 2719 2365 87 1350 1167 86,4 1369 1198 87,5 Калинин ауылдық округі 906 566 62,5 457 292 63,9 449 274 61 Киев ауылдық округі 734 629 85,7 351 312 88,9 383 317 82,8 Қызылсай ауылдық округі 845 528 62,5 433 284 65,6 412 244 59,2 Новокиенка ауылдық әкімдігі 860 615 71,5 427 312 73,1 433 303 70 Подгорное ауылдық округі 789 709 89,9 381 341 89,5 408 368 90,2 Тарасов ауылдық округі 587 425 72,4 292 209 71,6 295 216 73,2 Терісаққан ауылдық әкімдігі 510 304 59,6 253 161 63,6 257 143 55,6 Чапаев ауылдық округі 526 226 43 257 123 47,9 269 103 38,3 ЖАЛПЫ САНЫ 21107 16451 77,9 10394 8281 79,7 10713 8170 76,3
Ірі елді мекендері Елді мекен Халқы (2021) Жақсы 4626 Запорожье 1749 Қима 1174 Жаңақима 1099 Ишимское 995 Белағаш 869 Подгорное 709 Киевское 629 Лозовое 616 Новокиенка 615
Дереккөздер
Санат:Жақсы ауданы