Жақсы Қарсақбас – Тосынқұм құмының батысында 15 км жердегі тау.
Географиялық орны Қостанай облысы Жангелді ауданында. Торғай өзенінің аңғарында орналасқан. Абсолюттік биіктігі 156 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 3 км-ге созылып жатыр, енді жері 1 км.
Жер бедері Шығыс беткейі тіктеу келген. Жаңа түзілімдік шөгінділерден пайда болған. Түпкі жыныстары жер бетіне шығып жатады. Жақсы Қарсақбас тауының жанында Басқарасу, Алакөл, т.б. көптеген қыстаулар бар.
Өсімдігі Сортаңды қоңыр топырақ жамылғысында жусан, баялыш, күйреуік, астық тұқымдас өсімдіктер өседі.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Жангелді ауданы таулары