Жақынжол – Бетпақдаланың шығысында, Желтау тауларының солтүстік-батысындағы оқшау төбе.
Географиялық орны Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы жерінде орналасқан.
Жер бедері Солтүстіктен оңтүстікке қарай 6 км-ге созылып жатыр, енді жері 2 км. Абсолюттік биіктігі 522 м. Оңтүстік-батысында Қотанақ (537 м) төбесімен шектеседі.
Геологиялық құрылымы Палеозойдың эффузивті шөгінді жыныстарынан түзілген.
Өсімдігі Қиыршықтасты сұр қоңыр топырағында боз жусан, бұйырғын, баялыш, күйреуік басым өседі. Жазғы мал жайылымына пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Мойынқұм ауданы таулары Санат:Төбелер