Жалаулы – Сілеті және Қарасу өзендерінің алабындағы тұйық көл.

Географиялық орны Павлодар облысы Ақтоғай ауданы жерінде, теңіз деңгейінен 71,9 м биіктікте орналасқан.

Гидрографикасы Аумағы 171 км2, ұзындығы 21 км, ені 15 км, жағасының ұзындығы 81 км. Жауын-шашын, жер асты суларымен толығады және Қарасу (Ащықарасу) өзені құяды. Қараша – сәуір айлары аралығында мұз қатады.

Жағалау сипаты Жағалауы негізінен жайпақ, батпақты, құмды, батыс жағалауы түйетайлы, жарлы келеді. Суы тұзды, көктемде және Қарасу өзені қосылатын солтүстік-шығыс жағы жазда мал ішуге жарамды. Алабы шабындық, шүйгін жайылым ретінде пайдаланылады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Ақтоғай ауданы (Павлодар облысы) көлдері Санат:Сілеті су алабы Санат:Қарасу су алабы өңірі