Жалпаққайың – Қызылтас тауының солтүстігінде, Тоқырау және Жәмші өзендерінің аралығындағы оқшау тау.
Географиялық орны Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 20 км жерде. Абсолюттік биіктігі 1104 м. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 3 км-ге созылып жатыр, ені 1,5 км шамасында.
Жер бедері, геологиялық құрылымы Беткейлері тегістелген бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады. Жоғарғы кембрий және кембрий жыныстарынан түзілген.
Өсімдігі Сортаңды топырағында жусан, боз, бетеге, бұталы өсімдіктер өседі.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Ақтоғай ауданы (Қарағанды облысы) таулары