Жанама – Ертіс алабындағы өзен.

Географиялық орны Абай облысы Жарма ауданы жерімен ағады.

Бастауы Қалба жотасының оңтүстік беткейінен бастау алып, Маршанка қыстауының тұсында Шар өзеніне оң жағынан құяды.

Гидрологиясы Ұзындығы 70 км, су жиналатын алабы 816 км2. Беткейі тік жарлы, жыралармен тілімденген. Суы қарашаның ортасында қатып, сәуірдің басында ериді. Суы ауыл, мал шаруашылығына және тұрмыстық қажеттілікке пайдаланылады.‎Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Жарма ауданы өзендері Санат:Ертіс су алабы