Жарсор – Өлеңті өзенінің сол жағалауындағы тұзды тұйық көл.
Географиялық орны Ақмола облысы Ерейментау ауданы Әжі ауылынан солтүстік-батысқа қарай 14 км, Қоянды (431 м) тауының оңтүстік-шығысынан 28 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 238 м биіктікте.
Гидрографикасы Аумағы 7,8 км2, ұзындығы 4 км, енді жері 2,5 км, жағалау бойының ұзындығы 14 км. Солтүстік-шығысы мен шығысында ұсақ тұзды көлдер орналасқан. Оңтүстік-батыс жағалауы төбелі болып келеді. Бастауын солтүстік-батысындағы бұлақтардан алатын Ұзынсу жылғасы келіп құяды. Суы қарашада қатып, сәуірде ериді.
Санат:Ерейментау ауданы көлдері Санат:Ертіс су алабы