Жасыл құрбақа () – құрбақа тұқымдасына жататын құйрықсыз қосмекенді.
Далалық аймақтарда, шөл, шөлейт жерлерде тіршілік етеді. Қазақстанда тіршілік ететін 3 түрінің ең көп тарағаны. Тұрқы 70 – 90, кейде 140 мм. Терісі бұдырлы, арқасы сарғыш сұр немесе жасыл сұр. Шықшыт бездері үлкен. Мамыр – маусымда суға уылдырық шашады. Онда 12 мыңға жуық ұрық бар. Кеміргіштер інінде, тас астында, шұңқырда қыстайды. Зиянкес жәндіктерді жеп пайда келтіреді."Қазақ Энциклопедиясы"
Дереккөздер
Санат:Құрбақалар