Жаюлы – Ақмола облысы Ерейментау ауданының қиыр солтүстігіндегі тау. Ақсу кентінен солтүстік-батысқа қарай 30 км жерде, Қарасу және оның салалары аралығында орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 319 м. Тау солтүстіктен оңтүстікке қарай 2 км-ге созылған, енді жері 1 км. Биіктіктері бірдей екі шоқысы бар.

Геологиялық құрылымы Жер қыртысын ордовиктің тау жыныстарынан түзілген аллювийлі шөгінділер жапқан.

Өсімдігі Сортаңдау қара топырағында әртүрлі шөптесіндер аралас сұлыбасты қызыл қаулы өсімдіктер өскен.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Ерейментау ауданы таулары