ЖОЛДАС – Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданындағы Мәдениет ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 25 – 27 км жердегі қыстау. Қойтас, Қызылтас төбелерінің оңтүстігінде жатқан қыстаулардың жер бедері жазық келген. Онда бетеге, боз, айрауық, қоңырбас, т.б. астық тұқымдас шөптесін өсімдіктер өскен. Қыстаудың батысында (4 км жерде) Көкен бұлағы бар. Шығыс бөлігімен Бақанас өзенінің саласы – Көксала өзені ағып өтеді."Қазақ Энциклопедиясы"
Дереккөздер
Санат:Шығыс Қазақстан облысы қыстаулары