Жуантөбе – Қызылорда облысы Қармақшы ауданында орналасқан тау. Арал қарақұмында. Байқоңыр қаласынан солтүстікке қарай 135 м жерде, құмды алқапта. Абсолюттік биіктігі 136 м.
Жер бедері Төбесі доғал, жалпақ төбе. Маңында Айыртабан, Құмқайнар, Боқай, т.б. құдықтар кездеседі. Солтүстігінде биіктігі 118 м болатын Үштағантөбе тауымен шектеседі.
Өсімдігі Сұр топырағында сексеуіл, қарабарақ, жыңғыл өседі.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Қармақшы ауданы таулары