Жүрек – Тарбағатай жотасының шығысындағы тау.

Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Шағаноба қыстауының оңтүстік-шығысында 7,5 км жерде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 2541 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай созылған. Солтүстік-шығысында Сауыр жотасы жатыр. Таудан Керегетас, Шағаноба өзендерінің салалары бастау алады.

Геологиялық құрылымы Геологиялық құрылысы герцин тау жасалу кезеңінде пайда болған. Негізінен палеозойлық тақтатас, құмтас, әктас пен базальт құрамды тау жыныстарынан түзілген. Оңтүстік беткейінде сеңгірлі жақпартастар жиі кездеседі.

Өсімдігі Солтүстік беткейінің 1100 м-ге дейінгі бөлігінде далалық, 1900 м биіктікке дейін орман ландшафты және альпі шалғыны басым.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Зайсан ауданы таулары