Жылтың – Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының оңтүстік-шығысындағы тау, Шығыс Қазақстан облысымен шекаралас Дағанделі өзенінің оң жағалауында. Қарағайлы кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 125 км жерде.

Жер бедері Абсолютті биіктігі 933 м. Солтүстік-батыстан шығысқа қарай 18 – 20 км-ге созылып жатыр, ені 5 – 7 км. Бұлақ көздері бар.

Географиялық құрылымы Тас көмір және пермь жыныстарынан түзілген.

Топырағы, өсімдігі Топырағы ашық қоңыр, саздақты. Тау тегінде әр түрлі өсімдіктер өседі.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Қарқаралы ауданы таулары