Жыңғылтүбек – Арал теңізінің қазақстандық бөлігіндегі түбек.

Географиялық орны Қызылорда облысы Арал ауданы Қасқақұлан аралынан шығысқа қарай 21 км жерде орналасқан.

Сипаты Аумағы 1,8 мың км2. Түбек тұсында теңіз жағасының ені 3 – 4 км болатын абразиялық жиынды жазық сәл ылдилап теңізге түседі. Теңіз толық кезінде мұнда өсімдік жамылғысы өте қалың өскен. Қазір олардың түрлік құрамы сақталғанымен биомассасы азайып кеткен.Қазақстан Республикасының табиғаты туралы энциклопедия, V- том

Дереккөздер

Санат:Арал теңізі түбектері Санат:Қызылорда облысы географиясы