Жіңішке – Ырғыз өзені алабында.
Географиялық орны Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданында орналасқан.
Бастауы Бастауын Мұғалжар тауындағы Шортай тауының солтүстігіндегі бұлақтан алып, Қайыңды ауылының шығысында Қайыңды өзеніне сол жағынан құяды.
Гидрологиясы Ұзындығы 35 км. Арнасы тар, жағалауы тік жарқабақты келеді. Бастауында бірнеше қыстаулар бар. Жаз айларында суы тармақталып, қарасуларға бөлініп қалады. Мал шаруашылығына пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Мұғалжар ауданы өзендері Санат:Ырғыз су алабы