Келіншектау — Қаратаудың теріскей жағында, қазіргі Созақ ауданындағы Таукент кенті мен Абай аулының жоғарғы тұсындағы шатқалында тізбектеліп жатқан тау сілемдерін Созақ халқы — «Келіншектау» деп атайды. Таудан Арпаөзен бастау алады.

Көрінісі Тау сілемдері жүк артқан көшке ұқсайды. Көштің алдыңғы жағында ат]қа мініп, түйе жетектеген келіншек бейнесін, түйенің өркештерін байқауға болады.

Аңыз нобай|350px|left|Алыстан көрінген Келіншектау Келіншектау аталуы жөнінде мынадай аңыз бар. Ертеде мыңғырған малы бар бай жалғыз, ерке қызын ұзатарда жасауының бәрін тек алтыннан жасапты. Ұзатылып бара жатқан кезде қыздың қызыығушылығы оянып, көшті тоқтататады да, жасауды тексереді, сөйтсе, итаяғы ағаштан жасалған екен. Әкесінің мұнысына көңілі толмаған қыз дереу төркініне кісі жібереді. Әкесі болса, қызының дүниеқоңыздығы мен тойымсыздығына, ұятсыздығына ренжіп, «бүйткенше тас боп қатып қал!» деп ашуланыпты. Әкесінің қарғысы заматта орындалып, әлгі қыз да, жасауын артқан түйелер де, керуен де тас пен тауға айналып кетіпті. Сол керуен қатып қалған жер Келіншектау аталған екен дейді ескі аңызда.Тарихи ғұмыр, А., 1998 Созақ елі, А., 2004Қазақ ЭнциклопедиясыОңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы, 4-том

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Келіншектауды көрдің бе? КЕЛІНШЕКТАУ ("Қазақ әдебиеті") Келіншектау ("Массагет" сайтында) Келіншектау суреттері

Санат:Созақ ауданы таулары Санат:Тәңір тауы