Қазақ — Қазақстан Республикасы жергілікті халқының атауы. Екі ғасырға жуық уақыт бойы ғалымдар «қазақ» атауының шығу төркінін зерттеп, оның мағынасын ашуға ұмтылып келеді. Алайда бұл атауға қатысты ортақ ғылыми тұжырым әлі де қалыптасқан жоқ. «Қазақ» сөзіне ұқсас терминдер Қазақстаннан шалғай өңірлерде де кездеседі.
Ғалымдар бұл ұғымды зерттеуде әртүрлі тарихи деректерге сүйенеді. Мысалы, Византия императоры Константин Багрянородныйдың (X ғасырдың орта шені) жазбаларында Кавказдың солтүстік-батысындағы «Казакия елі» туралы мәліметтер айтылады. Бұл деректі Н.М. Карамзин, А. Вамбери сынды зерттеушілер қолдап, Қазақ халқының X ғасырдан бастап белгілі болғаны туралы тұжырым жасаған. Алайда түпнұсқа грек тіліндегі мәтінде «з» емес, «с» әрпі қолданылғаны анықталған, сондықтан бұл атауды «Касакия» деп оқу қажет. В. Минорский Константин Багрянородныйдың мәліметтерін зерттей отырып, «Касакия» атауы касогтарға қатысты екенін дәлелдеген.
Қазақ атауы мұсылман әлемінің жазба деректерінде де кездеседі. Мысалы, араб тарихшысы Әбу-л-Хасан Әли әл-Масуди өзінің «Өсиет және қайта қарау кітабы» атты еңбегінде Кубань өзені маңындағы кавказ халықтары мен тайпаларының ішінде кашак этникалық қауымы туралы жазады. Неміс шығыстанушысы И. Маркварт бұл атаулардың касог этнониміне қатыстылығын анықтаған. Парсы тіліндегі «Худуд әл-алам» географиялық еңбегінде Қара теңіз жағалауында орналасқан Касаг қаласы туралы деректер келтірілген, алайда бұл этникалық қауымға емес, қаланың атауына қатысты.
«Повесть временных лет» жылнамасында Святослав (965 ж.) пен Мстиславтың (1022 ж.) касогтармен соғысқаны туралы мәліметтер бар. «Касог» термині алғаш рет VIII ғасырдың соңы – IX ғасырдың басында монах Епифанийдің шығармаларында аталады. Бұл деректер касак, касакия, казак, касог атауларының орта ғасырларда белгілі болған бір шағын кавказ тайпасын немесе тайпалар бірлестігін білдіретінін көрсетеді.
Қазақ этнонимінің касог, касахия (казакия) атауларымен байланысы туралы пікірлер декларативті сипатқа ие және бұл мәселе тереңірек тарихи зерттеуді қажет етеді.
Қазақ этнонимын шығу тегі Қазақ этнонимының туу тарихы ұзақ уақыт бойы зерттеушілердің қызу айтыстарына айналды. Түсіндіретін түпкілікті пікір алайда қалыптасқан жоқ. Қазақ сөзіне үндес терминдер Қазақстаннан шалғай аймақтардан да кездеседі.
Қазақ деген термин ертедегі екі тайпалық (каза және саха) одақтардың атынан шыққан. Олар сонау ықылым заманда алып одақ құрып сонау Мысырға дейін жаулап алған. Сонда Каза-саха деген қала салынған.
Кавказ болжамы Кейбір ғалымдар (Н. М. Карамзин, А. Вамбери т.б.) Шығыс Ромей империясының императоры Константин «Қызылтуған» (10 ғ. орта шені) берген мәліметтер бойынша Казахия елін Кавказдың солтүстік-батысында орналастырады (Қырым хандығы мезгілінде Қарачу немесе Қарачай деп белгілі аймақ). В. Минорский Константин хабарында Казахия деп касогтар айтылатынын дәлелдейді. Араб тарихшысы Әбу-л-Хасан Әли әл-Масуди «Өсиет және қайта қарау кітабі» шығармасында Құбан өзенінің төңірегіндегі тайпалар арасында әл-касакия тайпасын көрсетеді. Неміс шығыстанушысы И. Маркварт бұл екі сөз бір ғана этнос — касогтардың атауын береді деді. Парсы тілді «Худуд әл-алам» жоғрапия туралы кітапта Қара теңіз жағалауында Касаг қаласының орналасуын деректейді. Көне Русьтегі жазылған «Повѣсти временныхъ лѣтъ» жылнамасында Святослав (965) пен Мстислав (1022) князьдері касогтармен соғыс жасайды. Ал касог терминін, алғаш рет 8 ғ. аяғы — 9 ғ. басында монах Епифаний келтірілген. жоғарыдағы мәліметтерге қарағанда касах, казахия, касак, кашак, касог алдыңғы орта ғасырларда Кавказдағы шағын тайпа, немесе тайпалар бірлестігін білдіретін алуан түрлері болғаны байқалады. Қазақ этнонимінің жоғарыда көрсеткен касог, т.б. атауларымен барлық жағынынан байланысы әлі де зерттеу борышы боп тұр.
Моңғол болжамы Фин алтайшысы Г. И. Рамстедт және А. А. Семёнов қазақ терминін «Қасиетті жылнамада» (13 ғ.) арба ұғымы бар сөз тіркесінен шығарады. Ал Қазақстанды қоныстаған түркі тайпалар осы қоссөзді пайдаланғанына ешбір тарихи мағлұмат табылмаған.
Енесай болжамы Әйгілі түркітанушы В. В. Радлов Енесай өзенінің төңірегіндегі көнетүркі мұраларынан көнетүркіше: қазғақым оғлым — «менің асырап алған ұлдарым» деген тіркесті тапқан. Қазғақ және қазақ сөздерінің дыбыс және мағына ұқстастығына сүйеніп, В. П. Юдин ғ дыбысы соңыра түсіп қалып, қазақ терминіне айналды деп болжам шығарған. Бұл көзқарас түркі тілдерінің тарихи фонетикалық заңдылықтарымен үйлеспейтідіктен, мамандар тарапынан қолдау табылмады.
Қарлық болжамы И. Маркварт шығыс мәтіндерден үш қарлық тайпасын хасактар (хаски) деп оқыған. Бірақ, В. Минорский басқа мұсылман деректерімен салыстырып, қарлықтардың тайпалық атауының мәтін аралық оқылуына елеулі түзету жасады. Бұл ретте, хасактардың орнына баскил деген конъюнктура енгізілді. Араб саяхатшы Әбу Дулаф «Рисалас» («Жазба») шығармасындағы харлұқ сөзін хазлақ деп оқып Н. Н. Пантусов та қателікке ұшырады.
Парсы болжамы Парсы-тәжік әйгілі Фирдоусидің Шахнама дастанында қазақ халқы және қазақ хандары туралы айтылған екен. Кейбір ғалымдар, А. Левшиннен бастап, нағыз қазақ халқының құрылуын 10 ғ. жатқызады. Дастанда қазақ терминіне қатысты ешқандай маңызды ақпар жоқ екендігін көптеген шығыстанушылар (С. Г. Кляшторный, Т. И. Сұлтанов т.б.) атап көрсетті.
Түрікмен болжамы
Қыпшақ әлеуметтік болжамы Кейбір деректерде бұл термин әлеуметтік мәнінде қолданылған «қазақлық» «қашақ» деген атаудан шықты дейді. «Қазақ» термині 1245 жылы Мамлүк мемлекетіндегі қыпшақтардың ортасында жазылған ерте қыпшақ жазба ескерткіштерінде (түрік-араб) сөздігінде кездеседі. Мұнда «қазақ» деген сөз басы бос кезбе деген мағына береді. Бұл семантикалық ұғым бойынша «қазақ» терминіне әлеуметтік мағына беріледі, яғни еншісі бөлек, үлкен ұлдардың ата шаңырақтан бөлініп уақытша ру, тайпалардан кетіп, күнкөріс үшін әскери жорықтарға қатысуын санаған.
Басқа мәліметтер