Кенжебай – Сырдария өзені алабындағы көл.
Географиялық орны Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Қаракеткен темір жол станциясының солтүстік-шығысында 3 км жердегі көл. Теңіз деңгейінен 106 м биіктікте.
Гидрографикасы Аумағы 3,3 км2, ұзындығы 3,9 км, енді жері 1,4 км. Жағалау бойының ұзығы 16,4 км. Суы желтоқсан айында қатып, наурыздың 1-жартысында ериді. Жағалауында қамыс, қоға өседі. Суы тұзды. Деңгейі көктемде көтеріліп, жазға қарай тартылып, жағасы батпаққа айналады.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Жалағаш ауданы көлдері Санат:Сырдария су алабы