Керегежайған – Сарысу және Жаманкөң өзендерінің аралығындағы тау.
Географиялық орны Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы Қызылжар кентінің солтүстігінде 26 км жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 425 м. Беткейі көлбеу келген. Етегінен Бала Сарыөзен, Сарыөзен өзендері ағып өтеді.
Геологиялық құрылымы Тас көмір жыныстарынан және гранитоидтарынан түзілген.
Өсімдігі Қызғылт қоңыр топырағында шілік аралас дала өсімдіктері өседі.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Жаңаарқа ауданы таулары