Көбенқопа – Тобыл өзені аңғарындғы тұйық көл. Тентексор көлдерінің оңтүстік-батысында орналасқан.

Географиялық орны Қостанай облысы Қамысты ауданы Қарабатыр ауылының оңтүстік-батысында 20 км жерде орналасқан.

Гидрографикасы Теңіз деңгейінен 250 м биіктікте. Аумағы 3,2 км2, ұзындығы 3,3 км, енді жері 1,9 км, жағалау бойының ұзындығы 10,8 км, орташа тереңдігі 0,3 м. Жазық келген жағалауында қамыс, құрақ өскен. Жауын-шашын және жер асты суларымен толысады. Жазда көл айдыны тартылып, жағалауы батпаққа айналады. Қараша айында суы қатып, сәуірде ериді. Суы кермек, сілтілі келген.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Қамысты ауданы көлдері Санат:Тобыл су алабы