Көктерек – Алтынемел жотасының оңтүстік беткейіндегі өзен.

Географиялық орны Жетісу облысы Панфилов ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 40 км, су жиналатын алабы 856 км2.

Бастауы Бастауын Алтынемел жотасындағы Қатутау жотасының оңтүстік беткейінен алып, Іле аңғарындағы Айдарлы ауылы маңындағы құмға сіңіп кетеді.

Гидрологиясы Өзен жағалауы жайпақ, тек орта ағысындағы Атыжек тауында жағалауы тік жартасты келген. Көктеректің бірнеше шағын салалары бар. Олардың басым бөлігі жаз айларында құрғап, қарасуларға бөлініп қалады. Аңғары мал жайылымы.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Панфилов ауданы өзендері Санат:Іле су алабы