Күрмек () – астық тұқымдасы, қонақ туысына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда Қызылорда, Түркістан қалалары маңында, Қаратау жотасында, Алматы облысының кейбір жерлерінде өседі. Биікт. 50 – 150 см. Сабағы тік, түбінен бастап бұтақтанған. Ашық көк түсті, жылтыр. Жапырағы жалпақ, таспа пішіндес (ені 1,5 см), жалаң, кейде түкті, жиектері бұдырлы келеді. Гүлшоғыры – масақ, жалғыз гүлден тұрады, шілде – қыркүйекте гүлдейді. Жемісі – дәнек, піскен соң үзіліп түседі. Тұқымын ұн және спирт алуға пайдаланады. Көбінесе күріш егістігінде арамшөп түрінде кездеседі. Малға жемшөп, ал оңтүстік облыстарда дәнін құс тағамы ретінде пайдаланады. Күрмекті сүрлеуге де болады.Қазақ энцклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Астық тұқымдасы