Кіндік – Ханшыңғыс жотасының солтүстік бөлігіндегі шоқылы тау массиві.
Географиялық орны Абай облысы Абай ауданы Сарыжал ауылының оңтүстігінде 20 км жерде орналасқан. Шаған өзенінің аңғарында.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 549 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 3 км-ге созылып жатыр, енді жері 1,5 км. Солтүстік беткейі тіктеу, қалған бөліктері көлбеу келген.
Геологиялық құрылымы Кіндік тас көмірдің граниті мен гранитоидтарынан түзілген.
Өсімдігі Бозғылт қоңыр топырақ жамылғысында жусан, бетеге, тобылғы, қараған, селеу өседі. Баурайы мал жайылымына пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Абай ауданы (Абай облысы) таулары