Кішкене Аралтөбе – Алакөл көлінің орташа бөлігіндегі арал.

Географиялық орны Абай (Үржар ауданы) және Жетісу (Алакөл ауданы) облыстарының шекарасында орналасқан.

Жер бедері Теңіз деңгейінен 501 м биіктікте. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 2,1 км-ге созылып жатыр, енді жері 1 км. Оңтүстік беткейі тіктеу, пішіні үшбұрыш тәрізді келген. Арал көлге 4 – 6 м-лік террасалар арқылы ұласады. Палеозойдың орта девон және жоғары тас көмірдің түпкі жыныстарының бетін борпылдақ делювийлі шөгінділер жапқан. Топырағында жусан, т.б. сортаңды өсімдіктер өседі.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Абай облысы географиясы Санат:Жетісу облысы географиясы Санат:Алакөл аралдары