Кіші Қалқан тауы (Қыстық Қалқан) – Жетісу Алатауының оңтүстігіндегі Қалқан тауларының бір бөлігі. Іле өзенінің оң аңғарында. Кіші Қалқан тауы Үлкен Қалқан тауының батысында 3 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 956 м. Екі тау аралығында шағын құмды алқап жатыр.
Геологиясы, жер бедері Түзілуі, геологиялық құрылымы және жер бедері жағынан Үлкен Қалқан тауына ұқсас.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Кербұлақ ауданы таулары Санат:Жетісу Алатауы