Қабақ ( ) – асқабақ тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Ежелден тропиктік, субтропиктік аймақтарда кездеседі. 1 түрі (кейбір деректерде 5 – 6 түрі) белгілі. Қазақстанның оңт-нде жемісі үшін және әсемдік өсімдік ретінде қолдан өсірілетін – кәдімгі Қабақ немесе ожау Қабақ (L. vulgarіs) бар. Буынды сабағы төселмелі немесе шырмалып өседі, ұзындығы 2 – 5 м. Дөңгелек пішінді бұйра жапырақтарының сыртын түкбасқан. Жапырақ қолтығынан дара, түтік тәрізді ақ гүлдері жетіледі. Олар масақ гүлшоғырын құрайды, бір үйлі. Маусым – қыркүйек айларында гүлдеп, тамыз – қарашада жемістенеді. Піскен жеміс қабы қатаң, су өткізбейді, пішіні құмыра, алмұрт, шар, цилиндр, табақ тәрізді болады. Жеміс қабы ыдыс ретінде пайдаланылады, сондай-ақ одан муз. аспаптар, балалардың ойыншығын жасайды. Ал Орта Азияда ежелден қабақтың жемісін кептіріп, шақша (табакерка) жасайды. Тұқымынан жоғары калориялы тағамға қосатын май алынады, жұмсақ, иілгіш сабағынан кәрзеңке және қалпақ тоқиды.Қазақстан Энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Асқабақтар Санат:Көкөніс