Абақ сұлтан (туған-өлген жылдары белгісіз) — Салқам Жәңгірдің үлкен ұлы, Есім ханның немересі. Абақ сұлтан туралы қысқаша дерек 17 ғасырда жазылған «Тарихи шаһ Махмуд ибн Мырза Фазыл чорас» аталатын тарихи еңбекте кездеседі. Жәңгір хан Шығыс Түркістан билеушілерімен бірге жоңғарларға қарсы, әскери одақ құруға ұмтылады. Осы мақсатпен Жаркент ханы Абдуллаға өз ұлы Абақ сұлтанды елші етіп жіберді деген пікір бар. Бірақ бұл елшіліктің қандай нәтижемен аяқталғанын айғақтайтын тарихи деректер жоқ.Қ 18 «Қазақстан». Ұлттық энциклопедия / Бас ред. Ә. Нысанбаев. — Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998. — 720 бет. ISBN 5-89800-123-9Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х

Дереккөздер

Санат:Қазақ сұлтандары Санат:Төрелер