Дәрмен Қанатұлы Сәдуақасов (28 сәуір, 1979 жылы Астанада туған) – Қазақстандық шахматшы, гроссмейстер (1998). 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындғы шахматтан әлем бірінішілігінің чемпионы. ҚР Шахмат федерациясының вице-президенті (2011 жылдан).

Толығырақ Дәрмен Қанатұлы 1979 жылы 28 сәуірде Астанада дүниеге келген. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық универсиетінің «аударма ісі» мамандығы бойынша бітірген. 2009 жылы Carnegie Mellon University Мемлекеттік басқару магистрі (АҚШ); Қазақстан-Британ техникалық университетінің доктарантурасын бітіріген. Кембридж Нидерланды қайта даярлау институттарында «Мемлекет басқару» мамандығы бойынша оқыту курстарынан өткен.Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3

Еңбек жолы 2009 – 2011 жылдары Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының консультанты, меңгерушісі; 2011 жылдан ҚР Шахмат федерациясының вице-президенті; «ҚазМұнайГаз» Ұлттық кампаниясының департаментінің директоры

Шаматтан жетістіктері Ерлер арасында Қазақстанның бес дүркін чемпионы; 1995 жылы жасөспірімдер арасында Азия чемпионы; 1998 жылдан Халықаралық гроссмейстер атағы; АҚШ, Индонезия, Югославия, Испания, Латвия, Дания, Украина және басқа да халықаралық турнирлердің жеңімпазы. 2001 жылы Екі Гарри Каспаров аударады; 2003 жылы Виктор Корчной матчтың жеңімпазы 5-3 есебімен; 2004 жылы Анатолий Карпов матчтың жеңімпазы 4,5-3,5 есебімен; Бүкілдүниежүзілік 33-інші ш-т олимпиадасына 8 мүмкіншіліктен 4,5 ұпай алды.

Мемлекеттік марапаттары 1998 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты; 1998 жылы ҚР тұңғыш президенті – елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жеке қабылдауында болып, жеткен жетістіктері үшін жоғарғы мемлекеттік нагарада «Құрмет ордені» мен марапаттады. 2012 жылы жоғарғы мемлекеттік марапат «Парасат ордені» мен марапаттады. «Дене шынықтыру дамытуға сіңірген еңбегі үшін, спорт және туризм» медалі; ҚРның мемлекеттік, мерекелік медалдарымен марапатталған. ҚР президентінің жеке алғыс хаттарымен марапатталған.

Дереккөздер

Санат:Қазақстан шахматшылары Санат:Дарын мемлекеттік сыйлығының иегерлері