Қазанбай – Шошқакөл бұйратының батысындағы төбе.

Географиялық орны Ақтөбе облысы Байғанин ауданында орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 185 м. Төбенің етегі жазық. Шығыстан ағып өтетін Мәнісай (Маныссай) өзенінің алабы терең жыралармен тілімдеген.

Өсімдігі Тақыр, сұр қоңыр топырақ жамылғысында сұр жусан, күйреуік, бұйырғын, т.б. өседі.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Байғанин ауданы таулары Санат:Төбелер