Қайрақты – Сарысу алабындағы өзен.

Географиялық орны Қарағанды облысы Шет ауданы жерімен ағады.

Бастауы Бастауын Жақсы Тағылы тауының шығыс беткейіндегі бұлақтардан алып, Қайрақты ауылынан 30 км жерде Жаман Сарысу өзеніне оң жағынан құяды.

Гидрологиясы Ұзындығы 40 км, су жиналатын алабы 522 км². Аңғары 0,5 – 1 км, арнасы жатық. Сағасындағы жылдық орташа су ағымы 0,41 м³/с. Өзенге кішігірім 5 сала құяды. Суы тұщы, шаруашылық қажетіне пайдаланылады.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Шет ауданы өзендері Санат:Сарысу су алабы